07 Сәу 2022
Жаңалықтар

ҚАЛА ӘКІМІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН ТАЗАЛЫҚ АЙЛЫҒЫНА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРДЫ

?Бүгін қала әкімдігінде білім беру ұйымдарында санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша жиын өтті.

Шаһар басшысы төрағалық еткен жиынға қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова және барлық мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептердің директорлары қатысты.

– Өткен жылы басталған «Менің аулам – менің бағым» жобасына қаланың білім беру ұйымдары белсенді атсалысып келеді. Аталмыш жоба аясында биыл білім беру ұйымдарының аулаларында ата-аналар және демеушілердің қолдауымен 1970 түп жеміс-жидек пен ағаш көшеттері, 11236 дана түрлі гүлдер отырғызу жоспарлануда. Осы жылы да жылдағы дәстүрден жаңылмай, санитарлық тазалыққа, көшет отырғызу жұмыстарына белсенді қатысу қажетпіз. Сүйікті қаламыздың гүлденуіне оқушылар да өз үлестерін қосып, оларға ата-аналары үлгі боп аталмыш іс-шараларға бірге атсалысса, нұр үстіне нұр болары анық, – деді қала әкімі Абат Абайұлы.

Сонымен қатар жиында білім беру ұйымдарын Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй санитарлық-экологиялық екі айлық аясында атқарылатын жұмыс жоспарынан хабардар етсе, БҚО бойынша «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар қауымдастығының президенті, «Жасыл ел» еңбек және құрылыс жасағының облыс бойынша штабының басшысы Аслан Тапишев «Менің қалам – менің үйім» жобасын таныстырды.

Жиын соңында шаһар басшысы білім беру ұйымдары басшыларына санитарлық-экологиялық тазалық шарасына белсене қатысуды, өздеріне тиесілі аула аумақтарынан алдын ала ағаш егетін орындарды дайындауды тапсырды. Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектеп түлектерін білім беру ордаларының көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына тартуға көңіл бөлу қажеттігін жеткізді.

@bilim_jane_gylym @kopd_mon_rk @uralskakimat @abat_shynybekov @nmirbolat @aigulmynbayeva @bqobilim @oral_ovp

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.