Республикалық ХІ жазғы мектеп оқушылар гимназиадасының облыстық кезеңі өтуде.
Байрақты бәсекені Орал қаласы білім беру бөлімінің құрама командасы нәтижелі бастады.
Атап айтқанда, Орал қаласының намысын қорғаған, №42 «Ақ ниет» мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәні мұғалімі Руслан Темірболат жетекшілік ететін ұлдар командасы шағын футбол ойынынан 1 орын иеленсе, №9 мектеп дене шынықтыру пәні мұғалімі Мәди Хасенов жаттықтыратын қыздар командасы да барлық қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, 1 орын иеленді.
Осы жеңістердің жалғасын бүгін қала мектептері оқушыларының үздік шахматшыларынан №6 А.Макаренко атындағы орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Азамат Аймурзин жинақтап шыққан шахматшылар да айна-қатесіз қайталап алтыннан алқа тақты.
Жекелей сында қыздар арасынан
№16 орта мектеп оқушысы Абдильдаева — бірінші, №6 орта мектеп оқушысы Федотова Мария — екінші, №21 орта мектеп оқушысы Мутанова Алина — үшінші орын иеленсе, ұлдао тобынан №7 орта мектеп оқушысы Анохин Владимир — бірінші орын алды.
Жарайсыңдар! Құттықтаймыз!
Айта кетейік, 24 наурызда басталған гимназиада 28 сәуірге дейін жалғасып, сегіз ойын түрі бойынша өтеді.
https://bilim-oral.gov.kz/janaliktar-basti-oral/18701-r-l-k-l-sy-k-r-m-sy-gimn-zi-d-ny-t-bysty-b-st-dy.html#sigFreeIdf62fb7601d