12 Сәу 2022
Жаңалықтар

Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу қызметінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту

6 сәуір күні №37 жалпы білім беретін орта мектептің базасында «Өрлеу» кәсіби даму институты филиалы мен қалалық білім беру басқармасының бірлескен қызмет жоспарына сәйкес, «Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу қызметінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымның курс тыңдаушыларына арналған облыстық семинар оздырылды.

ҚБББ әдіскері Анаргул Сарсенова, №37 ЖОББМ директоры Тамара Мурадимова семинарға қатысушыларға қош келдіңіз айтып, сәттілік тіледі. Семинар барысын №37 ЖОББМ мектепалды даярлық жетекшісі Гүлсара Изимова жүргізді.
Бағдарламаға сәйкес қауымдастық модераторлары Изимова Г.К, Иглманова А.Т, Мухатова Н.Ж, Абрышева А.К, Казмуканова А.С, Джумагелдина Ж.Н, Мелентьева С.В желілік, қауымдастық жұмыстарымен және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы инновациялық трендтер атты көрмемен таныстырып өтті.

№37 ЖОББМ саз жетекшісі Арайлым Зиноллова «Біз өнерлі балдырған» сазды сәлемін жолдады. №37 ЖОББМ психологы Зульфина Каримова педагогтармен «Жарқын көңіл күй» психологиялық тренингін өткізді. №37 ЖОББМ мектепалды даярлық сынып тәрбиешілері Светлана Ескакова және Замарт Бегеева «Сауат ашу оқу қызметінде ойын технологияларын қолдану», «Ғажайып математика еліне саяхат» ұйымдастырған оқу қызметтерін өткізді.

№37 ЖОББМ мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі Меңдігүл Жұбай мектепке дейінгі білім беру жүйесінде заманауи педагогтың АКТ құзыреттілігін қалыптастыру тақырыбында курс тыңдаушыларына шеберлік сынып көрсетсе, №37 ЖОББМ мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі Жансая Құрманова АКТ қолдану арқылы ұйымдастырылған оқу қызметін жобалау жөнінде өз тәжірибесімен бөлісті.

Семинар соңында «Өрлеу» БАҰОАҚ жетекшісі Гүлмаржан Өтеғұл және курс тыңдаушылары әріптестеріне бүгінгі семинардың өте жоғары деңгейде өткендігін, өз қоржындарына ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша маңызды мағұлмат алғандықтарын, алда өз тәжірибелерінде қолдана алатындықтары жөнінде кері байланыс жасады.

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.