13 Сәу 2022
Жаңалықтар

12 сәуір — ғылым қызметкерлерінің күні

Атаулы күннің 12 сәуір деп бекітілуі бекер емес. Дәл осы күні қазақ академигі, ғалым-геолог әрі Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келген.

Бүгінде ғылым адамзат тіршілігінің барлық саласын дамытудың басты факторына айналды. Ұлттық ғылымның заманауи және тиімді жүйесін қолдай білу қасиеті ғылыми жетістіктер санын сөзсіз еселей түседі. Сондай-ақ ғылым елдің бәсекеге қабілеттілігін дамытушы маңызды сала.

Халқымыз үшін білім мен ғылымның, тәлім мен тәрбиенің орны қашанда бөлек. Бабаларымыз ілім мен ғылымның тек оқу арқылы табылатынын дұрыс ұғынған. «Ғылым таппай мақтанба...» – деп, жас ұрпақты ғылымға жетелеген Ұлы Абай ұстанымы бүгін де маңызын жойған жоқ.

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.