27 Сәу 2022
Жаңалықтар

Үздік жас дене шынықтыру пәні мұғалімі – 2022

?Орал қалалық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Үздік жас дене шынықтыру пәні мұғалімі – 2022» байқауы өтті. Байқауды өткізуге БҚО білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Орал қалалық комитеті – Филиалы қолдау көрсетті.

Байқауға бес жылға дейінгі жұмыс өтілі бар мектепішілік кезеңнен өткен 16 маман қатысты. Жас мамандардың білім-біліктілік дағдылары төрт кезеңде сыналды: ашық сабақ өткізу, тест тапсырмаларына жауап беру, практикалық тапсырмаларды орындау.

Байқау нәтижесі бойынша жүлдегерлер анықталды және белсенді қатысушыларға арнайы номинациялар беріліп, қалалық білім беру бөлімі мен БҚО білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Орал қалалық комитеті – Филиалы атынан диплом, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ кәсіподақ атынан барлық қатысушыға футболка сыйға берілді.

?І орын – №9 ЖОББМ мұғалімі Руслан Мусиев.
?ІІ орын – №3 ЖОББМ мұғалімі Александр Шевчук.
?ІІІ орын – №19 ЖОББМ мұғалімі Асылбек Мұратов.

⚜️«Өз ісінің шебері» аталымы – Круглоозерный ЖОББМ мұғалімі Арайлым Исанова.
⚜️«Ынталы мұғалім» аталымы – №32 ЖОББМ мұғалімі Азат Днекешев.
⚜️«Заманауи сабақ» аталымы – №24 ЖОББМ мұғалімі Артём Калентьев.
⚜️«Білімді ұстаз» аталымы – №40 ЖОББМ мұғалімі Дәурен Ғаббас.

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.