27 Сәу 2022
Жаңалықтар

Үздік оператор

 
?Орал қалалық білім беру бөлімінің жұмыс жаспарына сәйкес, қала мектептерінің 7-8 сынып оқушылары арасында «Үздік оператор» байқауы өтті.

Байқаудың басты мақсаты – оқушылардың мәтіндік, кестелік бағдарламаларда жұмыс жасау қабілеттерін тексеру болды. Байқауға 76 оқушы қатысып, жүлдегер атанып, жақсы нәтиже көрсеткен 26 оқушы қалалық білім беру бөлімінің дипломдары және алғыс хаттарымен марапатталды.

7 сынып бойынша №3 ЖОББМ оқушысы Аскар Дияр (жетекшісі – М.Абуова), №16 ЖОББМ оқушысы Попова Маргарита (жетекшісі – Д.Куандыкова), 8 сынып бойынша №23 ЖОББМ оқушысы Шушулин Яромир (жетекшісі – А.Кереева), №35 мектеп-лицей оқушысы Пресняков Егор, (жетекшісі – С.Жигалина) үздік нәтиже көрсетті.

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.