5 мамыр күні Орал қалалық білім беру бөлімінің мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Зияткер балақай» байқауы өтті.
№21 «Росинка» мектепке дейінгі ұйымында өткен байқау ертегі желісіне негізделді. Бес сала бойынша 9 тапсырма орындалды.
?Денсаулық саласы бойынша ЖЖЕ белгілері бойынша карточкаларды атады және «Не жаман, не жақсы» екендігін түсіндірді.
?Коммуникация саласы бойынша «Әріп шеңбер» бойынша белгілі бір әріптен басталатын сөздерді атады және экранда көрсетілген ертегілерді әңгімелеп берді.
?Таным саласы бойынша математкалық жұмбақ қойылды және есептер шешті.
?Шығармашылық саласы бойынша геометриялық пішіндермен көрсетілген суреттерді есіне сақтап, қайта құрды.
?Әлеумет саласы бойынша блиц сұрақтарға жауап берді, экранда сандарды таңдап, сан артындағы суреттердегі салт-дәстүр мен ұлттық ойындарды атады.
Байқау қорытындысы бойынша 1 орын - Сұлтан Асқар, 2 орын - Бердгалев Алихан, Еран Нұрғиса, 3 орын - Каиржанова Ясина, Попова Анастасия, Гайсин Даулет иеленді.
https://bilim-oral.gov.kz/janaliktar-basti-oral/19153-ziyatker-bala-aj-10-mamyr.html#sigFreeId029ab23df7