16 Мамыр 2022
Жаңалықтар

ОҚЫРМАН ОТБАСЫЛАР САЙЫСҚА ТҮСТІ

«Балалар жылы» аясында және Халықаралық отбасы  күні қарсаңында «Бір отбасы – бір кітап» отбасылық байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқау қорытындысында №19 ЖОББМ кітапханасының оқырманы Сәпиевтер отбасы  облыстық кезеңге жолдама алды.

Мектеп кітапханаларының оқырман отбасылары арасындағы байқаудың мақсаты – балалар әдебиетінің шығармаларын насихаттау, оқырман-отбасыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту.  Байқауға қауымдастықтар бойынша таңдалған отбасылар қатысты. Қатысушылар бірінші – «Біз ұсынамыз: отбасымыздың сүйікті кітабы» бөлімінде отбасылық кітап көрмесі, оқыған кітаптары бойынша таныстырылым жасап, өздері сүйіп оқиын ақын-жазушыларының шығармаларын оқып берді.

Екінші кезең – «Түймедақ» сайысында қатысушы отбасылар әдеби сұрақтарға жауап берді.

Үшінші  кезең – «Білім көзі – кітапта»  аталды. Бұл бөлімде әр қатысушы  отбасылық кітабына жарнама жасады.

Оқырман отбасылар өз шығармаларында білім алуға, өнер үйренуге шақырған Ы.Алтынсаринді, Абай Құнанбайұлының даналыққа толы қара сөздерін оқуды ұсынды. Үлкен-кіші қызыға оқитын Шерлок Холмс пен дәрігер Ватсонның хикаялары, қиындықтан шығуға көмектескен әлемдік деңгейдегі жазушылардың мотивациялық кітаптары ұсынылды.

Қазылар алқасының шешімі бойынша №19 ЖОББМ кітапханасының оқырманы Сапиевтер отбасы – бірінші, №50 ЖОББМ кітапханасының оқырманы Досқазиевтер жанұясы – екінші, №47  ЖОББМ кітапханасының оқырманы – Мақсұт отбасы – үшінші орынды иеленді. №32 ЖОББМ кітапханасының оқырманы – Красиковтар алғыс хатпен марапатталды.

Жүлдегерлерге Орал қаласы білім беру бөлімінің диплом, алғыс хаты  табыс етілді.

 

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.