16 Мамыр 2022
Жаңалықтар

АТА-АНАЛАР ВОЛЕЙБОЛ ОЙНАДЫ

Халықаралық отбасы күніне  орай бүгін, 14  мамыр күні ата-аналар арасында Орал қаласы білім беру  бөлімінің кубогын сарапқа салған волейбол турнирі  өтті.

Турнир ата-ана мен мектеп арасыдағы  ынтымақтастықты нығайту , салауатты  өмір салтын насихаттауды мақсат етті. Ойындар №22, 32, 33 орта мектеп спорт залдарында ұйымдастырылып, оған 16  мектептің ата-аналарынан құралған командалар  қатысты. Атап айтқанда, Ж.Молдағалиев атындағы  №2, №14, №20, №22, №24, №33, №45, №47, №48, №50, Серебряков  орта мектептері мен М.Мәметова атындағы №27 мектеп-лицейі, А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы, №41 мектеп-лицейі, №42 «Ақ ниет» мектеп-гимназиясы атынан қатысқан ата-аналар тартысты ойын көрсетті.

Командалар арасында  №20, 42, 44, 48 білім ұйымдарының командалары үздік шығып, финалдық ойында  бақ сынады.

Жарыс қатысушыларын  Орал қаласы білім беру бөлімі басшысының орынбасары Айтжан Даумова, мектеп директорлары атынан №48 ЖОББМ директоры Артур Мұсағалиев Халықаралық отбасы күнімен құттықтап, ел болашағы бүгінгі ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуде күш біріктіруге,  «Балалар жылы» аясында өткізілетін шараларға белсене қатысуға шақырды. 

Турнир қорытындысында Орал қалалық білім беру бөлімінің кубогын және жүлделі І орынды Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназияның ата-аналар командасы  жеңіп алды. Жүлделі  екінші  орын №42 «Ақ ниет» мектеп-гимназиясының  ата-аналар командасына бұйырды, ал үшінші  орынды  №48 ЖОББ мектептің волейболшы ата-аналары және №20  ЖОББМ ата-аналар командасы иемденді.

«Үздік шабуылшы»  номинациясы №20 ЖОББМ командасының  ойыншысы Дмитрий Андреев пен №48 ЖОББМ командасының ойыншысы Жарқын Тайшыбаевқа берілді. «Үздік байланыстырушы» номинациясымен №42 МГ командасының ойыншысы Зарина Хамитова мен №44 МГ командасының ойыншысы Мадияр Идаев, «Үздік қорғаушы» номинациясымен №44 МГ командасының ойыншысы Расим Жұмағалиев пен №42 МГ командасының ойыншысы Ренат Нурадинов марапатталды.

 

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.