16 Мамыр 2022
Жаңалықтар

ХИУАЗ ДОСПАНОВАНЫҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

Бүгін, 15 мамыр – Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың туған күні. Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақтың тұңғыш ұшқыш қызының туғанына 100 жыл толып отыр. Осы орайда бүгін оралдықтар «қанатты қыздың» рухына тағзым жасап, Кеңес Одағының батырлары Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және Халық Қаһарманы Хиуаз Доспановаға арналған «Қазақтың батыр арулары» мүсіндік композициясына гүл шоқтарын қойды.

?Ескерткіш алдында өткен жиында БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, еңбек ардагері, өлкетанушы Жайсаң Ақбай Атырауда дүниеге келіп, Оралда білім алған, майдан даласында 300-ден аса әуе жорығына қатысып, ерліктің өшпес үлгісін көрсеткен Хиуаз Доспанованың есімі ұмытылмайтынын атап өтті.

Аға буынмен бірге Хиуаз Доспанованың есімін иеленген №30 орта мектептің педагогтары, жас сарбаздар сыныбының оқушылары да батыр қыздар ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, Хиуаз Доспанованың өмір жолы, арнау өлеңдер оқыды.

Білім ұйымдарында Қазақтың қаһарман ұшқыш қыздың 100 жылдығына орай іс-шаралар өткізілуде. Х.Доспанова атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектепте «Хиуаз – әлемдік тұлға» тақырыбында қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция, «Әуедегі қазақтың батыр қызы» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинар барысында «Ерлік мәңгі өшпейді», «Әуе ханшайымы» тақырыптарында тәрбие сағаттары мен «Күткен күн» қойылымы ұсынылды.
19 мамырда Х.Доспанова атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектепте Хиуаз Доспанова музейі ашылып, «Қыран қанатты Хиуаз» тақырыбында шара өткізілмек.

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.