16 Мамыр 2022
Жаңалықтар

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

 ҚАЗАҚ СЫНЫПТАРЫ АШЫЛАДЫ

 2022-2023 оқу жылында Орал қаласындағы орыс тілінде оқытатын бірнеше мектепте қазақ сыныптары ашылады деп күтілуде.

Қала бойынша 50 күндізгі жалпы орта білім беретін мектептер болса, оның ішінде 48-і орта мектебі, 2-уі негізгі мектеп, оған қоса 1 кешкі ауысымды мектеп жұмыс жасайды.

2021-2022 оқу жылында орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ сыныптары ашылып, қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектептер саны көбейді. (№3, 6, 7, 23, 32, 39, және Вальдорф бағытындағы мектеп гимназиясында қазақ тіліндегі мектепалды даярлық сыныптары, ал №32 мен ВБМГ 1 сыныптары ашылды).

2022-2023 оқу жылында қала бойынша №3, 6, 7, 9, 17, 23, 24, 32, 39, Вальдорф бағытындағы мектеп гимназиясында қазақ тіліндегі мектепалды даярлық сыныптары мен 1 сыныптар ашылатын болады. Балалардың тез бейімделіп кетуіне көмектесу мақсатында және де ата-аналарға қолдау көрсету үшін осы орыс мектептерінде ашылатын қазақ сыныптарында ұзартылған күн топтарын ұйымдастыру жоспарлануда.

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.