28 Мамыр 2022
Жаңалықтар

Биыл Орал қаласы бойынша мектеп оқушыларының 88,6 пайызы жазғы демалыспен қамтылады

🔹2022 жылдың 26 маусымы мен 1 шілдесі аралығында Нұр-Сұлтан қаласына 50 аз қамтылған отбасы оқушыларына саяхат ұйымдастырылады. Ал 16-26 шілде, 26 шілде – 8 тамыз аралығында аз қамтылған отбасылардан 100 оқушы «Бурабай» курорттық аумағында демалысын өткізеді.

🔹Білім беру бөліміне қарасты «Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығында жаз айларында 1500 оқушы демалады. Оның ішінде, 400 бала әлеуметтік жағынан аз қорғалған, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатынан болса, 230 дарынды оқушы 50% ата-аналарының қаражаты есебінен демалыспен қамтылмақ.

🔹Қаланың 46 мектебіндегі тамақтануы ұйымдастырылған лагерлерде 6700 бала, 50 мектептегі және 2 қосымша білім беру ұйымында (мектептен тыс жұмыс орталығы, Оқушылар сарайы) тамақтану ұйымдастырылмаған лагерде 34 655 бала демалысын өткізеді. Алтыншы жыл қала мектептері жанындағы лагерлерде бағдарлы алаңдар жұмыс жасауда. Онда үш тілді оқыту алаңдары, интеллектуалдық алаңдар жоспарлы жұмыс жасайды.

🔹Сондай-ақ оныншы жыл қатарынан білім беру бөлімі «Мирас», «Рахат» шатырлы лагерлерін ұйымдастырылады. Демалыстың бұл түрімен биыл 50 мектептен 1700 бала қамтылады деп күтілуде. Бұл шатырлы лагерлерде туристтік-өлкетану бағытында жұмыстар жүргізіледі, сонымен қатар оқушылар болашақта өтетін ғылыми жоба жарыстарына дайындалады. Ал «Қайсар» патриоттық лагеріне мектепішілік, жергілікті полицияның бақылауында тұрған және болашақта өзін құқық қорғау саласында көргісі келетін 230 ер бала қатысады.

🔹№32, 37, 46, 48, 50, Эстетикалық бағыттағы гимназия және Серебряков мектептерінің аулаларындағы үлескеде «Мектеп. Алма бақ. Оқушы» жобасы аясында жеміс ағаштарын отырғызу және өсіру жобасы жүзеге асырылуда. Аталған мектептер осы жоба аясында 14-16 жастағы жасөспірімдерді жеңіл еңбекпен қамтитын болады.

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.