🔰Елбасы 1997 жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы, сондай-ақ 31 мамыр – саяси саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп жариялады.
Осыған орай 31 мамыр күні сағат 10:00-де Орал қаласының білім беру бөлімі мен қаланың білім беру ұйымдары "Мұнайшылар гүлбағында" орналасқан Саяси құрбандар аллеясындағы ескерткіш белгісінің қасында гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді. Рәсімге Корей Этномәдени бірлестігінің төрайымы Тю Бэлла Владимировна мен Этномәдени бірлестіктермен жұмыс бөлімінің меңгерушісі Тоболева Инесса Александровна қатысты. Шара барысында оқушыларға тарихи деректер беріліп, №3 мектептің оқушылары өлең жолдарын оқыды.
View the embedded image gallery online at:
https://bilim-oral.gov.kz/janaliktar-basti-oral/19584-sayasi-u-yn-s-rgin-rbandaryna-ta-zym.html#sigFreeIdc7965f5b38
https://bilim-oral.gov.kz/janaliktar-basti-oral/19584-sayasi-u-yn-s-rgin-rbandaryna-ta-zym.html#sigFreeIdc7965f5b38