31 Мамыр 2022
Жаңалықтар

«БІЗ БАҚЫТТЫ БАЛАМЫЗ ЕРКЕЛЕГЕН» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

🔰«Балалар жылы» және Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бүгін «Біз бақытты баламыз еркелеген» фестивалi ұйымдастырылды.
Тұңғыш Президент алаңында өткен мерекелік фестивальге 1500-ден астам бала қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов пен қала әкімі Миржан Сатқанов балғындардың қуанышын бөлісіп, құттықтау лебіздерін жеткізді.

Фестивальді ұйымдастыруда балаларға таза ауадағы белсенділікті дәріптеу, ойын арқылы мәдениеттілікке тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсат етілді. Осы орайда тақырыптық алаңдарда балаларға арналған түрлі шаралар өткізілді.

🔹«Ғажап әлем» алаңында қалалық мектепке дейінгі ұйымдар кішкентай бүлдіршіндер үшін ұлттық ойындар, ата-аналармен бірлескен шаралар, балғындардың шығармашылық әлеуетін дамыту бағытындағы қойылымдар өткізді.

🔹 «Мейірім» алаңында демеушілердің тарапынан балаларымызға мерекелік сый жасалып, ойыншықтар мен тәттілер үлестірілді. Осы ретте «Қоржын» мейрамханасы, «Сделай детям добро» бірлестігі және «Достық» оқу орталығы, «125 High School», Республикалық физика-математика мектебінің «Fizmat Primary» мектебіне алғысымызды білдіреміз.

🔹 Дарындылар алаңына шығармашылық байқауларда оза шығып, жүлделі орындарды иеленіп жүрген шәкірттер жиналды.

🔹«Мен ақылды балақай» аумағында желілік қауымдастықтар бойынша мектептеріміздің тәжірибелік алаңдары көрсетілді. Көпшілік назарына ұсынылған «Лаборатория», «Интеллект», «Оқуға құштар мектеп», «Жайдарманшылар», «Экомектеп», «Сурет әлемі», «Сөз шеберлері» жобаларның оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыруда, олардың қызығушылығын ояту, кәсіптік бағдар беруде маңыздылығы жоғары екенін атап өту керек.

🔹«Патриот» алаңында болашақ ел қорғаушы сарбаздар, көшбасшылар, болашақ чемпиондар саптық үлгілерді көрсетті. Сонымен қатар қаламыздағы балаларға арналған Д.Нұрпейісова атындағы музыка мектебінің ансамблі өнер көрсетті.

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.