04 Маус 2022
Жаңалықтар

ЖАЗДЫ ҚУАНЫШПЕН ТОЛТЫРАЙЫҚ

🔰 2022 жылдың 28 мамыр күні Орал қаласы білім беру бөлімінің «Парасат» желілік қауымдастығының № 7, 15, 18, 36, 43, 48 бөбекжайлары «Балалар жылына» және Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығы алаңында «Жазды қуанышпен толтырайық» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

🔹 Оздырылған іс шараның мақсаты — «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын-сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.

Аталған балабақша педагогтары, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің серіктестік жоспары аясындағы машыққерлер, тәрбиеленушілер отбасыларымен бірге шараға белсене қатысты. Сондай-ақ мерекені тамашалауға келген қонақтармен түрлі ойын тапсырмалар ұйымдастырылып, ынталандыру сыйлықтары мен «Мен сізге керекпін» жадынамалары үлестірілді.

Шараға қатысушы әр балаға түрлі сыйлықтар мен дипломдар, тарту етілді.

#годдетей #балаларжылы
#копдмонрк

 

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.