Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған
«Мен – репортермін» республикалық байқауының қалалық кезеңі қорытындыланды.
Жалпы орта, қосымша, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы байқаудың мақсаты – білім алушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, шығармашылықпен айналысатын, журналистиканы ұнататын және бағалайтын өзін-өзі басқарудың ізденімпаз мүшелерін анықтау. Сондай-ақ БАҚ-та, ғаламтор желісінде шығармашылық қызметке бейім жас таланттарды ашу, білім алушыларды көшбасшылық тәжірибе алуға, әлеуметтік өзара іс- қимыл дағдыларын дамытуға бағытталған арнайы ұйымдастырылған қызметке тарту.
Байқау талаптарына сай оқушылар репортаж жанрында «Менің елім» тақырыбындағы жұмыстарын ұсынды. Оқушылардың жұмысын қалалық білім беру бөлімі әдіскері Тұрсын Теміршеева, «ТДК-42» телеарнасының редакторы Эльмира Рахмешева, қалалық жастармен жұмыс және ақпараттық талдау бөлімінің маманы Дәурен Шамуратов бағалады.
Байқау нәтижесінде жүлдегерлер қалалық білім беру бөлімінің диплом және алғыс хаттарымен марапатталды.
🔹11-14 жас ерекшелігі бойынша:
І орын – №33 ЖОББМ оқушысы Айкөркем Тоқсанбаева;
IІ орын – №27 мектеп лицей оқушысы Александр Ермек;
IIІ орын – А.Байтұрсынов атындағы №10 ЖОББМ оқушысы Бисен Айсауле;
IIІ орын – №45 ЖОББМ оқушысы Айзида Қожаберген;
Алғыс хат – №5 ЖОББМ оқушысы Гулназым; Тулеугалиева және №28 мектеп лицей оқушысы Султанова Анеля;
🔹15-17 жас ерекшелігі бойынша:
І орын – Ә. Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің оқушысы Альбина Булатова;
IІ орын – №42 «Ақ ниет» гимназиясы оқушысы Аяулым Срымова;
IIІ орын – №37 ЖОББМ оқушысы Жансезім Журакбаева;
IIІ орын – № 4 ҚББМО оқушысы Сатыпалды Нұрдаулет;
Алғыс хат – №35 мектеп-лицей оқушысы Петенкова Стефания және №32 ЖОББМ оқушысы Берсекенев Батырхан.