26-27 қараша Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ұйымдастыруымен А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына және “Шабыт” ЭЗО-ның 5 жылдығына орай БІЛІМДІ ҰРПАҚ - ІРГЕЛІ ЕЛДІҢ КЕПІЛІ атты аймақтық пікірсайыс турнирі өтті.
Турнирге Ақтөбе, Орал, Атырау, Ақтау қала, облыс мектеп оқушыларынан 40 команда, 80 оқушы (спикер) қатысты.
Туринирде Оралдағы Оқушылар сарайы атынан шыққан фракция лидері Г.Казимова үздік нәтиже көрсетіп,«Ең үздік спикер» аталымын жеңіп алды.
Сондай-ақ Орал намысын қорғап шыққан №38 МЛ оқушылары командасы — бірінші орын, №33 ЖОББМ мен «125 high school» құралған команда — екінші орын иеленді.
Орал қалалық дебат координаторы Жалмұқан Ерсұлтан бастап барған Оралдық фракциялар “Үздік делегация” аталымымен марапатталды.
#копдмонрк #дебат
#Балаларжылы #годдетей
https://bilim-oral.gov.kz/janaliktar-basti-oral/22060-26-27-arasha-zh-banov-atynda-y-a-t-be-irlik-universitetini-jymdastyruymen-a-bajt-rsynovty-150-zhyldy-yna-zh-ne-shabyt-ezo-ny-5-zhyldy-yna-oraj-bilimdi-rpa-irgeli-eldi-kepili-atty-ajma-ty-pikirsajys-turniri-tti.html#sigFreeIda3d01e44df