19 Желт 2022
Жаңалықтар

ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНІҢ ҮЗДІК ПРЕЗИДЕНТІ АНЫҚТАЛДЫ

🔰«Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымдары арасындағы «Үздік мектеп Президенті» сырттай байқауының қалалық кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты – Қазақстан Республикасының «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасына сәйкес білім алушылардың бойында азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын қабілетті және көшбасшылық қасиеттері жоғары мектеп Президенттерін анықтау, оларға қолдау көрсету, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді және оқушыларды қолдау және марапаттау.

Байқауға 22 мектептен 8-10 сынып арлығындағы оқушылар – «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының Президенттері қатысты (1, 6, 10, 13, 20, 22, 27, 28, 30, 33, 36, 37, 39, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 50).

Қатысушы мектеп президенттері «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбында бағдарламаларын, «Мектеп Президентінің бір күні» тақырыбындағы бейнеролик және «Кемел келешектің көшбасшылары» аталымы бойынша «Мектеп парламенті» тарапынан 2021-2022 және 2022-2023 оқу жылдары іске асырылған үздік жобаларын қазылар алқасына ұсынды.

Қазылар алқасы мүшелері – «Батыс-Қамқор» жастар қоғамдық бірлестігі президенті Ә.Берікқалиев, қалалық білім беру бөлімі сектор меңгерушісі Ж.Рысқазиева, білім бөлімінің көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша жауапты маманы А.Пионеров және әдіскер, баспасөз хатшысы Э.Нұғманова байқауға түскен жұмыстарды критерийлерге сәйкес бағалады.

Байқау жүлдегерлері қалалық білім беру бөлімінің дипломымен және алғыс хатымен марапатталды.

І орын – №33 ЖОББМ оқушысы, Мектеп Президенті Айнара Темирханова

ІІ орын – Д.Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназия оқушысы, Мектеп Президенті Алихан Меңдібай

ІІ орын – №41 мектеп-лицей оқушысы, Мектеп Президенті Арулана Қанатқызы

ІІІ орын– №37 ЖОББМ оқушысы , Мектеп Президенті Дильназ Айдынғалиева

ІІІ орын – №42 «Ақ ниет» гимназиясының оқушысы, Мектеп Президенті Аружан Тарғын

Алғыс хат – №45 ЖОББМ оқушысы, Мектеп Президенті Ботагөз Имангалиева,
№1 ЖОББМ оқушысы, Мектеп Президенті Айнұр Дүйсим,
№43 ЖОББМ оқушысы, Мектеп Президенті Дана Жауынбай.

#копдмонрк
#Балаларжылы #годдетей

 

 

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.