🔰2022 жылдың 11 қарашасында Орал қаласының білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес Оқушылар Сарайында алғашқы рет «Поэзия... Сен музыкамен егіз бе едің?» атты әдеби-саз кеші ұйымдастырылды.
Шара мақсаты – балаларды қазақстандық патриоттық рухта тәрбиелеу; белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру; дарынды әнші, ақын балаларды шығару.
Бұл байқаудың ерекшілігі – ұлағатты ұстаз бен оқушының үйлесімді жұп ретінде сахнаға шығуы.
Шара екі аталымы бойынша өтті:
🔹1) «Бақытты балалық шақ әндері» (балалар туралы жаңа әндер). Қатысушылар – 1-4 сынып оқушылары және кәсіби, кәсіби емес музыканттар.
🔹2) «Мен өз елімнің патриотымын!» номинациясы (Қазақстан туралы еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейін жазылған жаңа әндер). Қатысушылар – 5-7 сынып оқушылары және кәсіби, кәсіби емес музыканттар.
🎤«Бақытты балалық шақ» номинациясы бойынша жеңімпаздар:
1 орын – №10 ЖОББМ дуэті – «Жас дәуірдің түлегіміз», «Дос болайық бәріміз», «Туған ел» әндерден құралған попурриді орындады - оқушы – Қазбек Қ., ұстазы – Байгуатов А.А.
2 орын – №14 ЖОББМ дуэті – «Ақ құс» әні, оқушы – Құмар А., ұстаз – Молдағалиев Ж.А.
2 орын – №26 ЖОББМ – «Бақытты бала» әні, оқушы – Жәдігер А., ұстаз – Мусагалиева Э.Е.
3 орын – №48 ЖОББМ – «Гүлмін» әні, оқушы – Максутова Д., ұстаз – Кусайнова А.Н.
3 орын – №38 МЛ – «Балалық шақ» әні, оқушы – Талғат А., ұстаз – Нуршиев А.Ж.
🎤«Мен өз елімнің патриоты!» номинациясы бойынша жеңімпаздар тізімі:
1 орын – №45 ЖОББМ, «Туған жер» әні, оқушы – Утеген Қ., ұстаз – Кашкинбаева Т.Ж.
2 орын – №41 МЛ, «Мәңгілік ел» әні, оқушы – Таңбай М., ұстаз – Торегалиева А.А.
2 орын – Ж. Молдағалиев ат. № 2 ЖОББМ, «Айналдым елім» әні, оқушы – Амандыков С., ұстаз – Байырғалиева Қ.Е.
3 орын – №18 МББК, «Қазақстан» әні, оқушы - Амангелдиева А., ұстаз – Санбаева Г.Ж.
3 орын – № 44 МГ, «Мәңгілік ел» әні, оқушы – Кенесова Т., ұстаз – Қалымбет Г.С.
Балалар жылында балаларды қолдап қаламыздың музыка пәні мұғалімдері демеушілік білдіріп, байқауға қатысқан барлық балаларға түрлі сыйлықтар сыйлады.
#копдмонрк
#Балаларжылы #годдетей
https://bilim-oral.gov.kz/janaliktar-basti-oral/22066-staz-ben-sh-kirtti-zh-pty-neri.html#sigFreeIdea452ed9c6