Қалалық білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сай, 3 наурыз 2023 жылы Ж.Молдағалиев атындағы №2 ЖОББ мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Жұбан Молдағалиевтың ҮШ ЕРЛІГІ» атты әдеби-сазды кездесу кеші өтті. Мақсаты – мектеп оқушыларына ақиық ақынның өмірі, әдебиет өнеріндегі асқан дарынын, шеберлігін таныту, ақынның шығармашылығына сүйіспеншіліктерін арттыру. Өмір өрнектері, өлеңдері арқылы адамгершілікке, ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Кездесу кешіне ақынның көзін көріп, сөзін естіген ҚР мәдениет қайраткері, өлкетанушы, Жайсаң Ақбай, көрнекті журналист Тихон Әліпқали мен ақын-ұстаз, жұбантанушы Үзілдік Елеубаева шақырылды. Сондай-ақ шараға қалалық білім беру бөлімі әдіскері Алима Тасимова мен «Интеллектум» желілік қауымдастық мектептерінің ұстаздары қатысты. Іс-шара мектеп директоры К. Хайранованың кіріспе сөзімен бастау алып, мектеп тынысымен таныстырылды. Жұбан ақын өмірінің даралығы, даналығы туралы кеш қонақтары келелі ойларымен бөліссе, ал мектеп шәкірттері де өз кезектерінде өнерлерін шашу етті. Оқушылар Жұбан Молдағалиевтың көзі тірісінде жасаған үш ерлігін ақынның шығармалары арқылы қойылыммен көрсетуі көп көңілінен шықты. Кездесу кеші «Жұбантану» кабинетіне шолу, Жұбан Молдағалиев ескерткіші алдында қонақтармен естелік суретке түсумен жалғасты. Шара соңында Күляш Рахымқызы қонақтарға алғысын білдірді. Ұйымдастырылған шара қатысушылар мен оқушылар ерекше сезім, есте қаларлық естеліктермен толықты.
https://bilim-oral.gov.kz/janaliktar-basti-oral/22417-o-u-a-shtar-mektep-zhobasy-zh-ban-molda-alievty-sh-erligi.html#sigFreeId191f51e4d2