10 Шілде 2020
Жаңалықтар

Онлайн семинар

Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігі @edu_news_qz балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі вице министрі А.Б.Асылованың төрағалығымен білім басқармаларының мамандарымен, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшыларымен, арнайы білім беру ұйымдарымен, ювенальды полицияның басшылары мен қызметкерлерімен онлайн семинар өткізілді. Семинар барысында: "Балаларды буллинг пен кибербуллингтен қорғау: мектептер үшін тәжірибелік кеңестер", "Әлеуметтік тәжірибе: Буллинг", "Буллингтің психологиялық аспектілері және оны алдын алу бойынша жұмыстар" тақырыптарында презентациялар көрсетіліп, Буллинг пен кибербуллингті болдырмау мақсатында ұсыныстар айтылып, оның алдын алу бойынша жұмыстардың атқарылу барысы, оқушылардың қоғамда өзін-өзі қалай ұстау керектігі талқыланды.



 

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.