13 Тамыз 2020
Жаңалықтар

Мектеп директорларын зейнет демалысына шығуларымен құттықтады

Бүгін №37 мектеп базасында қалалық білім беру бөлімі мен қала мектептері директорлар клубының корпустық кеңесі №32 ЖОББМ директоры Л.В.Белякова, №17 ЖОББМ директоры Т.К.Рудич, №20 ЖОББМ директоры Ұ.Б.Тлегенова және №41 мектеп-лицейінің директоры В.Қ.Ихсанованы зейнеткерлік демалысқа шығарып салу шарасы оздырылды.

Орал қаласы әкімінің орынбасары Б.Х.Нарымбетов, қала кәсіподағының төрағасы М.Даутбаев және Орал қаласының білім беру бөлімінің басшысы А.М.Темирханова мектеп директорларын зейнет демалысына шығуларымен құттықтады. Қала әкімінің атынан аталған зейнеткер директорларының білім саласындағы ерен еңбегі үшін Алғыс хат табысталып, Қазақстан Республикасының кез келген санаторийіне сертификат және естелік сағат берілді. Қала мектептерінің директорлары да әріптестеріне өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.