14 Тамыз 2020
Жаңалықтар

МЕНІҢ ТАҢДАУЫМ– БАЛАЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ!

МЕНІҢ ТАҢДАУЫМ– БАЛАЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ!



Елбасының оқушылардың мектепке баруын толық қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау үшін, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасына сәйкес, «Мектепке жол» республикалық акциясы жыл бойы өткізіледі.

Акция мақсаты - жаңа оқу жылына дайындық кезінде аз қамтылған, көпбалалы  отбасыларының балаларына қолдау көрсету мен балалардың 1 қыркүйекте әлеуметтік себептермен мектепке бармай қалуының алдын алу болып табылады.

Жылдан жылға Акцияға қатысып, әлеуметтік көмекті қажет ететін балаларға қолдау көрсетушілердің саны артуда, солардың ішінде қала әкімдігі, қалалық мәслихат, депутаттар, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдар, білім беру, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдары, заңды және жеке тұлғалар белсенділік көрсетуде.

Қала мектептерінде 4000-нан астам аз қамтылған, көп балалы отбасы, жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар тіркелген. Жаңа оқу жылында 5000-нан астам бүлдіршін қала мектептерінің табалдырығын аттағалы отыр.

Күні бүгін қала мектептері 700-ге жуық оқушыны оқу құралдары мен киім-кешектермен қамтыды.
Әлем ізгі ниетті адамсыз емес – бұл өмір ақиқаты.

Қоғамның қайырымдылық әлеуетін жұмылдыру арқасында қаламыздың көмекті қажет ететін балалары ілтипат пен қамқорлыққа бөленіп, олардың қажетті әлеуметтік жағдайының жақсаруы үшін, білім алуы үшін даяр болуына демеу болмақшы қала тұрғындары мен қонақтарын білім беру бөліміне (Н.Назарбаев даңғылы, 145 үй, тел.: ‪50-38-79‬) және қала мектептеріне жолығуын сұраймыз.

 

Видеоролики

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.