2020 жылдың 1-ші қыркүйек күні Орал қаласындағы барлық мектептерде онлайн түрінде алғашқы қоңырау салтанаты өтеді.
2020-2021 оқу жылында «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау», және «оқушыларды мектептен мектепке ауыстыру» мемлекеттік қызметтері ағымдағы жылдың 1-маусымынан бастап қағаз түрімен қатар электронды түрде де egov.kz электрондық порталы арқылы жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда 1-сыныпқа қабылдау туралы 5916 өтініш тіркелді, оның 663-қағаз форматта, 5253-е-гов порталы арқылы.
2020-2021 оқу жылында қала мектептеріне 1-11 сыныпқа 52752 оқушы келеді деп күтілуде.
1-4 сыныптардағы 24061 оқушы, 988 сынып саны болады деп жоспарланып отыр.
Бастауыш сыныптарды ата-аналар өтініші негізінде кезекші топтар құру арқылы барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, штаттық режимде оқытылады.
5-11 сыныптардағы 28691 шамасындағы оқушы үшін қашықтан оқыту ұйымдастырылады деп жоспарлануда.
Қала бойынша барлығы 51 мектеп болса, оның 50-і қашықтан оқыту форматында, 1 мектеп –Ветелки ауылындағы № 29 негізгі орта мектеп штаттық режимде жұмыс жасайды деп жоспарлануда, онда 57 оқушы мектепке келіп оқиды.