21 Тамыз 2020
Жаңалықтар

«Жаһандық құндылықтар және Қазақстандық білім мен тәрбиенің сапасы» тақырыбы бойынша мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған тамыз кеңесі өткізілді

Бүгін қалалық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен​ «Жаһандық құндылықтар және Қазақстандық білім мен тәрбиенің сапасы» тақырыбы бойынша мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған тамыз кеңесі өткізілді. Білім бөлімінің әдіскері Т.Теміршеева сөз алып, «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында тәрбие жүйесін ұйымдастыру» және «Қашықтықтан оқыту кезінде тәрбие процесін ұйымдастыру алгоритмі» жөнінде түсінік берді.

Сонымен қатар, білім беру бөлімінің бас маманы Ж.Ұ.Рысказиева мен әдіскер С.Е.Мұратова "Баланың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицидтің көбеюі мәселелерін шешу жөніндегі 2020-2023 жылдарға арналған Жол картасы жөнінде баяндап, жаңа оқу жылында жобаның орындалуына міндеттер қойды.

№33 ЖОББ мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары У.Турдалиева «Қашықтықтан тәрбие үрдісін басқаруда ата-аналармен​ жүргізілетін жұмыс түрлері» тақырыбында баяндамасын оқыды. Сондай-ақ, «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру жағдайында тәрбие жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру мәселелері тақырыбындағы №25 ЖОББМ директорының тәрбие орынбасары С.Лукпанова және №24 ​ ЖОББМ директорының тәрбие орынбасары Г.Жумагазиеваның баяндамалары тыңдалды.

№44 мектеп-гимназиясының тәрбие меңгерушісі Э.Мырзашева «Құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында қашықтықтан оқыту кезінде жүргізілетін отбасылық құндылық» жобасын демонстрацияласа, 27 мектеп-лицейдің тәрбие орынбасары А.Балгазиева «Оқушылардың дарындылық қасиеттерін дамыту-олардың табысты әлеуметтенуінің кепілі» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті. Конференция соңында тәрбие орынбасарларына жаңа оқу жылына жаңа мақсаттар айқындалып,​ бағыт-бағдар берілді. ​

 

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.