21 Тамыз 2020
Жаңалықтар

2020 жылдың 1-ші қыркүйек күні барлық мектептерде онлайн түрінде алғашқы қоңырау салтанаты өтеді

2020 жылдың 1-ші қыркүйек күні барлық мектептерде онлайн түрінде алғашқы қоңырау салтанаты өтеді.


2020-2021 оқу жылында «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау», және «оқушыларды мектептен мектепке ауыстыру» мемлекеттік қызметтері ағымдағы жылдың 1-маусымынан бастап қағаз түрімен қатар электронды түрде де egov.kz электрондық порталы арқылы жүзеге асырылуда.


*Бүгінгі таңда 1-сыныпқа қабылдау туралы 5916 өтініш тіркелді, оның 663-қағаз форматта, 5253-е-гов порталы арқылы. Қазіргі уақытта 1-сыныпқа қабылдау 20-тамызда аяқталды.

*2020-2021 оқу жылында қала мектептеріне 1-11 сыныпқа 52752 оқушы келеді деп күтілуде.

*1-4 сыныптардағы 24061 оқушы, 988 сынып саны болады деп жоспарланып отыр. Бастауыш сыныптарды ата-аналар өтініші негізінде кезекші топтар құру арқылы барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, штаттық режимде оқытылады.

*5-11 сыныптардағы 28691 шамасындағы оқушы үшін қашықтан оқыту ұйымдастырылады деп жоспарлануда.
Қала бойынша барлығы 51 мектеп болса, оның 50-і қашықтан оқыту форматында, 1 мектеп –Ветелки ауылындағы № 29 негізгі орта мектеп штаттық режимде жұмыс жасайды деп жоспарлануда, онда 57 оқушы мектепке келіп оқиды. Бүгінгі таңда әлеуметтік қорғалмаған санаттағы (аз қамтылған, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, ерекше білім алуға қажеттілігі бар балалар) 4433 оқушыға (отбасы саны- 2589) қашықтан оқыту құралдары (компьютер, ноутбук) қажеттілігі анықталды. Сонымен қатар компьютер қажет ететін 1268 оқушыға 611 компьютер, 651 ноутбук, 6 планшет мектеп балансынан уақытша қолданысқа таратылды.

*Зашаған кентіндегі 900 орындық №51 мектеп ғимараты қолданысқа берілгеннен кейін №38 МЛ ұжымы 300 оқушысымен, материалдық құндылықтарымен түгел көшуге дайын.

*Эстетикалық бағыттағы мектеп-гимназияның құрылыс жұмыстарының аяқталып, жаңа оқу жылы қарсаңында ашылады деп жоспарлануда.

*№21 ЖОББМ, №25 ЖОББМ, №45 ЖОББМ қазіргі уақытта күрделі жөндеу жұмыстары өткізілуде. Техникалық қорытынды бойынша апатты жағдайда деп танылған №31,33 ЖОББМ қазіргі таңда бұзып, қайта құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

 

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.