24 Тамыз 2020
Жаңалықтар

"Өзіңнен баста"

2020 жылдың 20 тамызы күні Орал қаласы әкімдігі білім беру бөлімінің қолдауымен "Өзіңнен баста" жобасы аясында Мектептен тыс жұмыс орталығы мектеп жасындағы қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани-адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту және жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу мақсатында «Қыз тәрбиесі – ұлт болашағы» қалалық қыздар жиналысын өткізді. Шара барысында Мектептен тыс жұмыс орталығының бейнелеу және сәндік қолданбалы өнері тәрбиеленушілерінің әшекей бұйымдар, бет әрлеу және сән көрсетілімі сияқты шығармашылық топтамалары ұсынылды.


Қатысушы қыздар мен аналарға екі жұмыс алаңында спикерлермен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде құқық және заң, дәрігерлік кеңес, сұлулық пен бет күтімі, мамандық таңдау мен сүйікті кәсіп, психологиялық кеңестер алып, қазіргі таңдағы қыздар мен анаға қатысты барлық мәселелердің алдын алу мен шешу туралы диалог алаңының жұмысына қатысты. Жиналыс соңында барлық қатысушылар «Ана» әнін бірге орындады.


Ұйымдастырылған шара әр қатысушы ана мен қыз балаға өмірлік қажетті кеңестер мен мағлұматтар алуына көмектесті.


Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.