27 Тамыз 2020
Жаңалықтар

"Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытуда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету инновациялар шеберханасының бағдарламасы"

Бүгін қалалық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен "Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытуда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету инновациялар шеберханасының бағдарламасы" тақырыбы бойынша мектепалды дарялық сынып жетекшілері және шағын орталық әдіскерлері мен тәрбиешілеріне арналған тамыз кеңесінің секциялық отырысы онлайн режимде өтті. Отырысқа 55 мектепалды даярлық сыныптар мен шағын орталық әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты. ҚББ бөлімінің әдіскері А.Ж.Сарсенова сөз алып, қатысушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Сонымен қатар тамыз кеңесінің секциялық жұмысын модераторлар Изимова Г.Қ,Казмуканова А.С,Жұбай М.С Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына 1-қосымша әдістемелік ұсынымдармен таныстырды. Секциялық жұмыстың екінші бөлімінде мектепалды даярлық сынып және шағын орталық тәрбиешілері шеберлік сынып, мультимедиялық презентация, стендтік таныстырылым бойынша іс тәжірибелерімен бөлісті.Конференция соңында тәрбиешілерге жаңа оқу жылына жаңа мақсаттар айқындалып, бағыт- бағдар берілді.

 

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.