31 Тамыз 2020
Жаңалықтар

AQJAIYQ телеарнасынымен бірігіп «Білім сапасы мен негізгі құндылықтар: жаңа идеялар және тәжірибелер» тақырыбында дәстүрлі тамыз кеңесін жаңаша форматта тікелей эфирде өткізді

2020 жылдың 27 тамыз күні Орал қаласының білім беру ұйымы AQJAIYQ телеарнасынымен бірігіп «Білім сапасы мен негізгі құндылықтар: жаңа идеялар және тәжірибелер» тақырыбында дәстүрлі тамыз кеңесін жаңаша форматта тікелей эфирде өткізді. Кеңес жұмысын Орал қаласының білім беру бөлімінің басшысы А.Темірханова жүргізді. Отырыс қонақтары арасында қала әкімі А.Шыныбеков, облыстық білім басқармасының басшысы А.Мыңбаева, НЗМ директоры А.Айтпукешев, "Өрлеу" БАҰО БҚО филиалы ПКБАжҚДИ директорының орынбасары Е.Сафуллин болды.


Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков Үкіметтің білім саласына ерекше назар салып отырғанын, жыл сайын оқушылардың білім мен тәрбие алуына жағдай туғызу мақсатында қалалық білім саласында біркелкі жұмыстар атқарылып жатқанын тілге тиек етті. Биылғы жылы қаламызда жаңадан мектептер бой көтеріп, оқу жылы қарсаңында салтанатты түрде ашылатынын атап өтті.


Көтерілген мәселелерді талқылауда www.academia білім беретін онлайн-платформасының басшысы Ашим Нартай қашықтықтан оқыту бойынша білім саласында болып жатқан өзгерістер туралы телекөпір арқылы баяндап, байланысқа шығып бөлісті. Қатысушы қонақтар көрермен қауымды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім беру ісінде қажымас қайрат, шығармашылық табыстар тілеп, құттықтады.

 

Видеоролики

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.