28 тамыз күні «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты мен міндеттерін іске асыруда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету» тақырыбында Орал қаласы мектепке дейінгі ұйымдардың тамыз кеңесі секциясының отырысы zoom байланысы арқылы өткізілді. Тамыз кеңесі секциясы отырысының жұмысын Орал қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Ж.Адиева жүргізді.
Секция отырысында қалалық білім беру бөлімінің бас маманы М.Т.Тулешова педагогтерді жаңа оқу жылымен құттықтап, тәрбие мен білім беру ісінде табыстар тіледі.
2020-21 оқу жылы бойынша оқу процесі кезекші топ және қашықтықтан оқыту форматында басталғалы отырғанын басшылыққа ала отырып, қалалық білім беру бөлімінің шығармашылық топ мүшелері Ескалиева Т.С, Буентаева М.А, Тулепова Г.Е, Торемуратова В.С. жаңа оқу жылындағы өзгерістер мен толықтыруларды таныстырып өтті.
Сонымен қатар қалалық мектепке дейінгі ұйым педагогтері өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.