03 Қырқ 2020
Жаңалықтар

ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫ, ОҚУШЫЛАР, АТА-АНАЛАР!

ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫ, ОҚУШЫЛАР, АТА-АНАЛАР!

Баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!


Бұл- кез - келген пендені бейжай қалдырмайтын жарқын да қуанышты мереке.Үш ай демалыстан кейін оқушыларымыз алтын ұя мектебіне қайта оралады, сүйікті ұстаздарымен қайта қауышады. Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы тұрған бүлдіршіндер үшін үлкен әсерге, толғанысқа толы сәт. Қадамдарыңыз құтты болсын,балақайлар! Ал , балалық шақтан болашаққа қанат қаққалы отырған 11 сынып оқушыларының қимастық сезімде екендігі сөзсіз.Мектеп бітіруші түлектер, оқуларыңызды сәтті аяқтап, сынақтардан сүрінбей өтіңіздер!

Қазіргі уақыттағы қиын жағдайға қарамастан, сапалы білім беру ең басты мақсаттардың бірі болып қала береді. Бұл орайда мектеп,ата -ана,оқушы арасындағы тығыз байланыс маңызды рөл атқарады. Қашықтықтан оқыту жүйесін оңтайлы іске асыруда ата -аналарға да артылар жауапкершілік жоғары. Түсіністікпен қарап, бірге жұмыстануға бел буған ата -аналарға деген алғысымыз шексіз.

Жаңа форматта білім беру платформаларын меңгеріп, шәкірттерін білім нәрімен сусындатып отырған ұстаздар қауымының ерен еңбегі алдында басымызды иеміз. Ұлт болашағы үшін атқарып жатқан жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!

Білімді әрі білгір ұрпақты тәрбиелеу заман талабына сай білім алудан,жаңашылдықтан бастау алатынын ұмытпайық. Жаңа оқу жылы жетістік пен нәтижеге толы жыл болсын!!!

 

Видеоролики

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.