Қалалық білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес 2-қыркүйек күні Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдерімен біріктірілген әдістемелік отырыста өткен оқу жылының қорытындысы және жаңа оқу жылына алынған міндеттер туралы сөз қозғалды. Пандемияға байланысты оқу жылы жаңа оқу форматында басталғалы отырғандықтан жаңа оқу платформасымен, жаңа технологиямен жұмыстанатындықтан ұстаздарға біраз ауыртпалық түскелі отыр, соған қарамастан оқушыларға сапалы білім беру жолында қабылданған соңғы әдістемелік нұсқауларды талдап, ыңғайлы технологиямен қолайлы әдістерді пайдалану жолдары қарастырылып, жаңа оқу жылына арналып жасалған тақырыптық жоспарлары талданды.