25 Қырқ 2020
Жаңалықтар

«Қашықтықтан оқыту: тәжірибедегі алғашқы қадамдар, ізденіс, жетістік» тақырыбында онлайн семинар өткізілді.

21 қыркүйек 2020 күні ZOOM платформасында қалалық білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, қалалық білім беру бөлімінің информатика пәні әдіскері Карашолакова Н.У. ұйымдастыруымен қалалық информатика пәні мұғалімдеріне «Қашықтықтан оқыту: тәжірибедегі алғашқы қадамдар, ізденіс, жетістік» тақырыбында онлайн семинар өткізілді. Мақсаты: Қашықтықтан оқыту сабақтарын ұйымдастыруда білім беру платформаларының еркешеліктерімен таныстыру.
Семинар барысында Карашолакова Н.У. семинар жоспарымен таныстырса, №38 МЛ мұғалімі Бекчурина А.Т. «Қашықтықтан оқыту ұсыныстары», №34 МГ мұғалімі Мурзагалиева Г.Ш. «Онлайн сервистер» тақырыптарында білім беру платформаларын қолдану арқылы қашықтықтан оқытудағы алғашқы қадамдарды қалай жүзеге асырып жатқандықтары туралы жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында қатысушы мұғалімдер әріптестеріне алғыс білдірді.

 

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.