21 қыркүйек күні қалалық білім беру бөлімінің жоспары бойынша математика пәні әдіскері Г.Б.Албидакованың ұйымдастыруымен "Қашықтықтан оқыту шеңберінде Online Mektep платформасының тиімділігі" атты оқыту семинары өтті. Оқыту семинарында №42 "Ақ ниет" гимназиясының математика пәні мұғалімдері Д.А.Қанатбаева мен А.М.Утешова өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Оқыту семинар кезінде Online Mektep платформасының әр бөлімдеріне жеке тоқталып, барлық қолдану мүмкіндіктерін практикалық түрде көрсетіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру барысында пән әдіскері Г.Б.Албидакова сабаққа даярлық кезінде синхронды және асинхронды режимінде өткізу нысаны және техникалық проблемалар туындаған жағдайдан шығу жолдарын және Online Mektep платформасымен жұмыс жасау алгоритмімен таныстырды. Оқыту семинарға қатысқан пән мұғалімдері қойған барлық сұрақтарына жауап алды. @edu_news_qz @bqobilim