Бүгін Орал қаласының білім беру бөлімінің мектептен тыс жұмыс орталығы базасында кезекті «Өзіңнен баста» акциясы семинар тренингпен жалғасын тапты. Семинар МТЖО психологы ұйымдастырған топтастыру мен біріктіруге бағытталған «30 секунд» тренингімен басталып, қатысушылар үшін «Қалдықтарға екінші өмір сыйлау – газеттен жасалған өнімдер», «Техникалық мүсіндеудің бастамалары», «Қозғалыс қимылдарын дамыту. Жылдамдыққа-күштілікке бағытталған және жалпы әрі арнайы дене шынықтыру дайындықтары» шеберлік сыныптарымен жалғасты. Қалалық шара барлық қатысушылардың «Саз әлемі» караокеде ән салуларымен аяқталды.