Бүгін Орал қаласының білім беру бөлімінің Оқушылар сарайында кезекті «Өзіңнен баста» акциясы өткізілді. Акция Оқушылар сарайының ашық алаңында «Көрікті көрмелер» атты көрмесімен басталып, қатысушылар үшін «Сүйікті Сарайым» экскурсиясы ұйымдастырылды. Сондай-ақ шара «Біз мықтымыз» эстафеталық ойындарымен, «Бала денсаулығы – ұлт болашағы» баяндамасымен, «Ер азаматтың Отан алдындағы борышы – елін қорғау» бейнесабақтарымен жалғасын тапты. Шара қорытындысы қатысушылардың «Көңілді күн» флешмобын билеумен аяқталды.