2020 жылдың 28 қыркүйегінде ZOOM платформасымен қалалық білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, қалалық білім беру бөлімінің математика пәні әдіскері Албидакова Г.Б. ұйымдастыруымен қалалық математика пәні бойынша жас мамандарға «Мектептегі математика сабағындағы қашықтықтан оқыту технологиясы» тақырыбында онлайн шеберлік сыныбы өткізілді. Мақсаты: Қашықтықтан оқыту сабақтарын ұйымдастыруда білім беру платформаларының еркешеліктерімен таныстыру. Семинар барысында Албидакова Г.Б. шеберліе сыныбының жоспарымен таныстырса, №34 МГ мұғалімі Мурзагалиева Г.Ш. «Онлайн сервистер» тақырыптарында білім беру платформаларын қолдану арқылы қашықтықтан оқытудағы алғашқы қадамдарды қалай жүзеге асырып жатқандықтары туралы жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Ал жас мамандар жетекшісі №44 МГ математика пәні мұғалімі Каюбалиева Г.Т. «Математика сабақтарын түрлі интернет платформаларды қолдану арқылы жобалау» атты тақырыпта шеберлік сыныбын өткізді . Шеберлік сыныбы соңында қатысушы мұғалімдер әріптестеріне алғыс білдіріп, алдағы уақытта өз сабақтарында қолдануды бастайтындығын жеткізді.
01 Қаз 2020
Жаңалықтар