01 Қаз 2020
Жаңалықтар

«Бірлік», «Өрлеу», «Бастау» , «Парасат» «Арман», «Арай», желілік қауымдастығы әдіскерлеріне арналған zoom байланысы арқылы «Бөбекжайда әдістемелік жұмыстың ұйымдастырылуы» тақырыбында ҚӘК әдіскері Ж.С.Адиеваның ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді.

24-29 қыркүйек аралығында қалалық білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес, «Бірлік», «Өрлеу», «Бастау» , «Парасат» «Арман», «Арай», желілік қауымдастығы әдіскерлеріне арналған zoom байланысы арқылы «Бөбекжайда әдістемелік жұмыстың ұйымдастырылуы» тақырыбында ҚӘК әдіскері Ж.С.Адиеваның ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді. Әдістемелік отырысқа қалалық мемлекеттік және жеке мектепке дейінгі ұйым әдіскерлері қатысты. Қауымдастықтардың модераторлары Т.С.Ескалиева, Г.Е.Тулепова, Ж.Қ.Утегалиева, А.А.Зулкашева , Э.И. Жексенова , В.С.Торемуратова , К.К. Бишаева , О.К. Горбунова, А.Ж. Кулишова, А.И. Елешова, А.Н.Дакишева мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың нормативтік құқықтық құжаттарына енгізілген толықтырулар мен өзгерістерге тоқталып,түсінік жұмыстарын жүргізді.Сонымен қатар қашықтықтан оқыту форматындағы сабақтарды (консультацияларды) ұйымдастыру тәртібі туралы талқыланды. Қашықтықтан ұйымдастырылған онлайн дөңгелек үстел отырысына қатысушылар келісімімен төмендегідей шешім шығарылды: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда нормативтік-құқықтық құжаттардағы өзгерістер мен толықтырулар қатерге алынып, тәрбиелеу мен білім беру барысында жүзеге асыру, 2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқу процесінің ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хаттарды басшылыққа алу, Қашықтықтан оқыту форматындағы сабақтарды (консультацияларды) ұйымдастыру тәртібіне сай жүргізуді жалғастыру.



Видеоролики

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

"Центр внешкольной работы" отдела образования города Уральска акимата города Уральска

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.