05 Қаз 2020
Жаңалықтар

«Менің қалам - менің тағдырымның басты тірегі ...» тақырыбында шығармашылық эссе байқауы өтті. Байқауға орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.

Орал қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес «Менің қалам - менің тағдырымның басты тірегі ...» тақырыбында шығармашылық эссе байқауы өтті. Байқауға орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты. Мақсаты:  қатысушының  азаматтық, патриоттық сезімі мен өз жеріне, өз қаласына, отбасына деген мақтаныш сезімін анықтау. Байқауға 23 жұмыс жіберілді. Эссе байқауын құзыретті қазылар алқасы бағалады.


Конкурсқа қатысушылар эссе тақырыбын ашуға, мазмұнын жүйелі беруге тырысты, өздерінің туып өскен қаласы туралы ойлары мен сезімдерін жеткізуде  көркем сөз иірімдерін қолдана білді, сауатты жазылуына  мән берді.


Жұмыстар тақырыптың ашылу тереңдігі және дәлелділігі, композициялық тұтастық пен жүйелілік, сөйлеу мәдениеті, орфография, пунктуация, стилистикалық нормаларды сақтау критерийлері арқылы бағаланды.


Байқау жеңімпаздары: І орын - Бисенгалиева Эльмира Сагидуллиевна -   № 38 МЛ, Победимова Светлана Викторовна - №25 ЖОББМ; ІІ орын - Кадришева Умитай Шугаевна -  №50 ЖОББМ, Танатова Нуриля Кенесовна - № 21ЖОББМ; ІІІ орын - Муханбетова Эльмира Мадиевна - №33 ЖОББМ, Шалухина Наталья Николаевна - №16 ЖОББМ, Ахметкалиева Камшат Каленовна - №37 ЖОББМ; Алғыс хат - Бактугулова Ардак Тарасовна - №40 ЖОББМ, Сариева Анар Сагингалиевна - №19 ЖОББМ. Жеңістерің құтты болсын!

 

 

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.