2020 жылдың 30 қыркүйегі білім беру бөлімінің «Өзіңнен баста!» жобасы аясында мектептен тыс жұмыс орталығы «Бәрі балалар үшін!» қалалық шарасын өткізді.
Шара психолог-педагогтың «Барлық қатысушылар үшін топтастыру мен біріктіруге бағытталған «30 секунд»» тренингімен басталып, Орталықтың үйірме жұмыстарымен таныстыру арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру және бос уақыттарында ұнатқан істерімен айналысуға бағыттау мақсатында жоспарланған қосымша білім беру педагогтарының «Сахна өнеріне баулу», «Бала денсаулығын дамыту және жан-жақты дамытуыдағы қозғалыс ойындарының рөлі», «Сазды ойын. Балапан Пи» сияқты шеберлік сыныптарына жалғасты.
Шара «#Командақұру» қорытынды жұмысымен аяқталды.
Балалар шарадан жақсы әсер алып, көтеріңкі көңіл-күймен тарады.