Бүгін Жастар мәдениет үйінде ұстаздар күніне орай "Ұлылықтың кемеңгері - ұлы ұстаз!" атты мерекелік шара оздырылды. Алғашқы құттықтау сөз кезегі мен ұстаздарды марапаттау рәсімі қала әкімі А.Шыныбековке берілді. Ұстаздардың ел мүддесі үшін білім беру орындарында жаңарулар мен жаңғыртуларға өз үлестерін қосып жатқандарына алғыс білдіре отырып, барлық келген қонақтарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне толағай табыстар тіледі. Сөз соңында қала әкімі А.Шыныбеков өз саласында білімділігі мен шеберлігін қатар ұштай білген білікті мамандарға Орал қаласының әкімінің арнайы сыйлығын және Алғыс хаттарын табыстаса, БҚО Білім басқармасының басшысы А.Мыңбаева Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапаттады. Мерекелік шара әрі қарай әсем ән, сазды әуен, мың бұралған бимен жалғасын тапты. Кеш соңында ұлағатты ұстаздар гүл шоқтарымен тарасты.