09 Қаз 2020
Жаңалықтар

«Қайырымдылық айлығына» атсалысайық, ағайын!

Қазақстанның барлық өңірлерінде 1 қазан мен 1 қараша аралығында «Қайырымдылық айлығы» өткізіледі, бұл қарт адамдарға, ардагерлерге, мүгедектерге және тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне көмек көрсету бойынша мейірбандық акциясы. Бұл акцияның тарихы 1991 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1 қазан «Халықаралық қарттар күні» деп жариялағаннан бастап басталады.
Облыс әкімдігінің «Қайырымдылық айлығын» өткізу туралы қаулысына сәйкес, жыл сайын Орал қаласында қайырымдылық айлығы өткізіледі.
Осыған орай Сіздерді қайырымдылық айлығын өткізуге белсене қатысуға шақырамыз. Акция аясында ҰОС және тыл ардагерлеріне, ұйымдардың еңбек ардагерлеріне құрмет көрсету және мүгедектерге, аз қамтылған, көп балалы отбасыларға және қаламыздағы мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек көрсету іс-шаралары өткізіледі.
Біздің қаламызда қайырымдылық айлық кезінде мұқтаж адамдарға, қариялар мен мүгедектерге көңіл бөліп, қолдау көрсететін, жанашыр, қайырымды азаматтардың табылатынына сенеміз.

 

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.