Ағымдағы жылдың 7қазан күні "Атамекен" ҚБЖТжЭ орталығында ҚБББ әдістемелік кабинеті әдіскерлерінің тарапынан әдістемелік көмек көрсетілді. Орталықта 103 үйірме, 47педагог жұмыс атқаруда. Кездесу барысында оқу жоспарының құрылу дұрыстығы мәселесі бойынша Т. А. Теміршеева сөз алса, педагогикалық озат іс-тәжірибе жұмыстарын тарату, рәсімдеу жұмыстарымен А. Н. Рахметова таныстырып, туризм, спорт мәселелері бойынша Т. А. Қуанышкереев мәлімет берді. Отырыс соңында педагогтардың оқу жоспарлары қаралып, сұрақтарына жауап берілді. Орталық педагогтары кездесудің сәтті өткеніне дән риза көңілдерін жеткізді.