Бұл семинардың басты мақсаты - қала мектеп мұғалімдеріне БЖБ-ны дайындауға және Онлайн Мектеп платформасына орналастыруға жан-жақты (әдістемелік, техникалық, психологиялық) көмек көрсету. Осы семинардың ұйымдастырушылары - Дудина А.Г. - №16 жалпы орта білім беретін мектепбінің шебер педагогы және А.С. Макаренко атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектебінің жас маманы Өтегенова А.А. әріптестеріне ұсынылған БЖБ-ны қолдана отырып, БЖБ құрастыру алгоритмімен, сонымен қатар БЖБ-ны өз кестелеріне қосу механизмімен таныстырды.