Орал қалалық білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, 2020 жылдың 8 қазанында физика пәні мұғалімдерінің қатысуымен «ЖБ және ТЖБ құрастыру тапсырмаларының түрлері» тақырыбында қалалық вебинар өткізілді. №24ЖОББМ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Оксана Запрометова әріптестерін ЖБ құрастыру және Online-Меktep платформасында жиынтық бағалау тапсырмасын құру ережелерімен таныстырды.
Вебинар барысында пән мұғалімдері өз сұрақтарына толық жауап алды. Мұғалімдер вебинардың практикалық маңызы мен құндылығын атап өтті.