Орал қаласының білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің бірлестік жетекшілері мен пән мұғалімдеріне "Қашықтықтан оқыту кезінде БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын онлайн-мектеп жүйесінде тиімді қолдану" тақырыбында семинар- тренинг жүргізілді. Семинарды "Bilim Media Group" компаниясының клиенттерді қолдау бөлімінің меңгерушісі Нұролдинова Перизат Тағатқызы пән мұғалімдеріне бөлім бойынша және тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмаларын қалай жүктеуге болатынын, тапсырма деңгейінің бағыттары мен бағалау критерийлеріне тоқталып өтті. Сонымен бірге тапсырмаларды тіркеу немесе ілу барысында кездесетін қиындықтардың шешу жолдары көрсетілді. Семинар-тренинг кезінде № 3,34,40,47-мектептің мұғалімдері тарапынан туындаған мәселелер бойынша сұрақтар қойылды, модератор сұраққа жауап берді. Тренер кездескен техникалық жағдайларға байланысты жеке хабарласу керектігіне ұсыныс берді. Бүгінгі оқыту-семинары жоғары деңгейде өтті. Мұғалімдер үшін үлкен көмек болды. Семинар соңында тренерге алғыстарын білдірді.