Орал қаласының білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен Оқушылар сарайының базасында «Өзіңнен баста! Начни с себя!» акциясы аясында балаларды әлеуметтік жауапкершілікке үйрету, ынтымақтастық және мейірімділік сезімдерін ояту мақсатында «Менің әлемім» тақырыбында қалалық семинар-тренингі ұйымдастырылды. Семинар барысында балалармен танысу, көніл-күйлерін көтеру және бір –бірімен байланысын нығайту мақсатында «Комплимент» психологиялық тренингі өткізіліп, «Мүсіндеу» және «Қол өнер» шеберлік сыныптары оздырылды. Шеберлік сыныбында ұлдар саз балшықтан құмыра, жануарлардың мүсіндерін, қыз балалар әшекей бұйымдарын жасады. Шара соңы спорттық алаңда «Көңілді старт» эстафеталық ойындарымен жалғасты.