2020 жылдың 9 қазан күні Орал қаласының білім беру бөлімінің мектептен тыс жұмыс орталығында «Өзіңнен баста!» жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру жобасының аясында «Бәрі балалар үшін!» қалалық семинар-тренингі өткізілді. Семинар мектептен тыс жұмыс орталығының психолог-педагогының барлық қатысушылар үшін топтастыру мен біріктіруге бағытталған «Кел, танысайық» тренингімен басталды. Тренингтегі жаттығулар арқылы оқушылар бір – бірімен танысып, ұйымшылдықтарын көрсетті. Орталықтың үйірме жұмыстарымен таныстыру арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру және бос уақыттарында ұнатқан істерімен айналысуға бағыттау мақсатында жоспарланған қосымша білім беру педагогтарының «Алғашқы әскери дайындық негіздері» шеберлік сыныбы өткізіліп, кейін «Кеме мүсіндеудегі құрал-саймандар жиынтығы» атты шеберлік сыныбы көрсетіліп, семинар қатысушыларының қызығушылықтарын туындата білді. «Қарым – қатынасты нығайтайық» атты психологиялық тренингі аясында қозғалыс жаттығулары жасалып, қатысушыларға оң әсерін тигізді.
https://bilim-oral.gov.kz/janaliktar-basti-oral/6749-%C2%AB%D0%B1%D3%99%D1%80%D1%96-%D0%B1%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80-%D2%AF%D1%88%D1%96%D0%BD-%C2%BB-%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B-%D1%81%D0%B5%D0%BC%D0%B8%D0%BD%D0%B0%D1%80-%D1%82%D1%80%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%BD%D0%B3%D1%96-%D3%A9%D1%82%D0%BA%D1%96%D0%B7%D1%96%D0%BB%D0%B4%D1%96.html#sigFreeIda733bf8686