16 Қаз 2020
Жаңалықтар

«Балалар қауіпсіздігі – баршаның міндеті» тақырыбында қалалық семинар екінші күні жалғасын тапты.

Орал қаласының білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен Оқушылар сарайы базасында балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы аясында «Балалар қауіпсіздігі – баршаның міндеті» тақырыбында қалалық семинар екінші күні жалғасын тапты.
Семинарда «Гауһар жолы» қоғамдық бірлестігінің менеджерлері М.А.Камалов пен Э.С.Бекказиева жол белгілері, жолда жүру ережелері, жол қауіпсіздігі туралы баяндап, «Мобильді алаң» презентациясын көрсетіп, «БҚО қауіпсіз жолдар» жобасының оқу бағдарламасымен таныстырды және балаларға арнайы жарық шағылыстыратын ленталарды қалай дұрыс пайдалану керектігін айтып өтті. «Жас инспектор» үйірмесінің жетекшісі Е.Б.Жалғасбаев Оқушылар сарайындағы "Балаларға арналған жол қауіпсіздігі" алаңының жұмыс барысымен бөлісіп, «Жол қауіпсіздігі басты назарда» тақырыбында жол қозғалысы ережелерін оқытудың жаңа тәсілдері бойынша сабақ беру үлгілерін көрсетті. Орал қаласының полиция басқармасы жергілікті ювеналдық полиция бөлімшесінің учаскелік инспекторы Т.Т.Камешов «Жол ережесін сақтау-қауіпсіздік кепілі» тақырыбында баяндама жасап, ағымдағы жылда орын алған жол-көлік оқиғалары, сақтану шаралары мен ережелері туралы айтып өтті.
Семинарды «Гауһар жолы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Г.К.Бисенова «БҚО қауіпсіз жолдар» жобасында атқарылған іс-шаралар туралы баяндап, аяқтады.
Семинарда қала мектептерінің сынып жетекшілері, қосымша білім беру педагогтері және жергілікті ювеналдық полиция бөлімшесінің учаскелік инспекторлары қамтылып, қатысушыларға жол ережелерін сақтау бойынша оқу құралдары мен жадынамалар таратылды.

Жобалар
Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.