2020 жылдың 13 қазан күні №45 жалпы орта білім беретін мектебінде «Жас мұғалімдер мектебінің» алғашқы отырысы оздырылды. №45 ЖОББ мектебінің педагог-сарапшы мұғалімі Елекенова Лаура Ханасовнаның ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы «Цифрлық сауаттылық арттыру мақсатында онлайн платформалардың тиімділігі» тақырыбында ағылшын тілі пәнінің жас мұғалімдеріне семинар өткізді. Семинардың мақсаты жас ұстаздарға қашықтықтан оқыту барысында «OnlineMektep» платформасында жұмыс жасауға бағыт беру. ЖММ жетекшісі Л.Х.Елекенова «OnlineMektep» платформасында жаңа БЖБ тапсырмаларын құру туралы өз тәжірибесімен бөлісті.